Қанша үміткер "Болашақ" стипендиясына ие болғаны анықталды: комиссия шешімі
Опубликовано:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Республикалық комиссияның шешімімен 167 қазақстандыққа "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалды. Оның 131-і магистратурада, 4-уі докторантурада оқу және 32-сі тағылымдамадан өту үшін әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндіріс орталықтарына жіберіледі.
Стипендиаттардың 65 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтар мен жаратылыстану ғылымдары бойынша, ал қалған 35 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.
"Сонымен бірге Комиссия отырысында шетелдік жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін стипендия тағайындау мәселесі де қарастырылды. Комиссия шешіміне сәйкес 481 үміткерге стипендия тағайындалды", - делінген хабарда.
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші "Болашақ" халықаралық стипендиясын және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051762-qansa-umitker-bolasaq-stipendiyasyna-ie-bolgany-anyqtaldy-komissiya-sesimi/