Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Опубликовано:

Жолда келе жатқан көлік. Көрнекі сурет
Жолда келе жатқан көлік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда ауа райы нашарлауына байланысты екі облыстағы жолдар көліктің барлық түрлері үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауа райының нашарлауына (қар, боран, шектеулі көрініс), сондай-ақ жолды тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген ресми хабарламада.

Жамбыл облысында - 1 учаске

1. "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж 159-238 км, Кенен уч. с. – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) -79 км;

Жетісу облысында - 2 учаске

1. "Үшарал-Достық" а/ж 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.;

2. "Сарыөзек-Көктал" а/ж 45-68 км, (Алтын Емел асуы).

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 674 техника жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051773-qazaqstannyn-eki-oblysynda-kolik-qozgalysyna-sekteu-engizildi/

pixel