jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

"Құбыр жарылды": Тараздағы 70 жылдық тарихы бар мектеп жылусыз қалды

Сынып
Сынып. Көрнекі фото: pixabay.com

Тараздағы №7 мектеп-гимназиясында құбыр жарылып, жылу өшірілді - жұмысшылар мектеп ауласындағы алаңды қазып қана ақауды жөндеуге кірісті, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА.

Құбырдың жарылуы ғимараттың жертөлесін су астында қалдырды. Коммуналдық қызмет өкілдері күні бойы суықта жұмыс істеп, жылу трассасындағы ақауды жойған.

Оқу орнының директоры Юлия Фризен мектептің бас корпусына жылу беретін құбыр жарылғанын айтты.

"Бүгін ауладағы алаңды қазып тастады, апат жағдайындағы құбырларды дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді", - деді ол.

Оның сөзінше, бұл мектептен тыс жылу желілері.

"Мектеп ішінде өте жылы, өйткені бұл ескі ғимарат мектебі, қабырғалары қалың, жылуды ұстайды", - деп қосты директор.

Басылым биыл №7 мектеп-гимназияның ашылғанына 70 жыл өткенін жазды.

"Құбыр жарылды": Тараздағы 70 жылдық тарихы бар мектеп жылусыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.