jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Досаев: 2024 жылы Алматыда BRT іске қосылады

Алматы көшесі
Алматы көшесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2024 жылы Алматыда BRT салынып, іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2024 жылы Райымбек даңғылының бойымен Ахрименко көшесінен Пушкин көшесіне дейін ұзындығы 9 км BRT салынып, іске қосылады, 2025 жылы Ахрименко көшесінен Абай көшесі арасында тағы 8 км салынатын болады", - деді Досаев.

Оның айтуынша, Алматыда метро желісі де қарқынды дамып жатыр. Биыл 3 қосымша жылжымалы құрам іске қосылған. Олардың қозғалыс интервалы 5 минут 38 секундқа дейін азайған. Нәтижесінде метродағы жолаушылар легі 100 мың адамға дейін артқан.

"Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық көліктегі жолаушылар легі тәулігіне 1,5 млн адамға дейін көбейді. Мегаполистің көлік байланысын жақсарту мақсатында Бұқтырма – Құлжа трактісі көлік жолайрығы ашылды.

2024 жылы Құлжа трактісі 6 жолаққа дейін кеңейтіледі, Саин көшесі мен Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту, сондай-ақ Сейфуллин – Жансүгіров және Саин – Мөңке би жолайрықтарының құрылысы аяқталады", - дейді Алматы қаласының әкімі.

Досаев: 2024 жылы Алматыда BRT іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.