Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерболат Досаев желіде тараған БАҚ тізімі туралы: Бұл әкімдіктің мүддесі үшін жасалған

Опубликовано:

Ерболат Досаев
Ерболат Досаев. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаевқа бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзіне жасалған ақпараттық шабуыл мен БАҚ-қа жүргізілген мониторинг туралы сұрақ қойылды. Мегаполис әкімінің айтуынша, БАҚ-ты талдау әкім үшін емес, қала әкімдігінің жұмысы үшін жасалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифингте журналистердің бірі Ерболат Досаевтан өзі туралы теріс пікір жазған БАҚ-тың тізімін құруға әкімдіктен қаражат бөлінгені рас па деп сұрады. Сондай-ақ тілшілер әкімнен ақпараттық шабуылға қатысты пікірін білді.

Алматы әкімінің айтуынша, мұндай тізімді барлық әкімдік жасайды.

"Егер де қай БАҚ бізді жақтайтынын, қайсысы бізге қарсы екенін түсінгіміз келсе, онда бұл есепті мемлекеттік сатып алудан кейін ешкім жария етпес еді. Оны (сайттан - ред. еск.) қарап шығуға болады. Шындығында бұл жұмысты барлық әкімдік қоғамдық даму басқармасы арқылы жүргізеді. Біз адамдардың көңіл-күйін, оларды қандай мәселелер алаңдатып жүргенін көруіміз керек, сондықтан бұл әкімнің емес, Алматы қаласы әкімдігінің мүддесі үшін жасалған. Сомасы белгілі, жұмыс жасалды. Мен мұнда ешқандай астыртын әрекет көріп тұрған жоқпын", - деді Ерболат Досаев.

Ал ақпараттық шабуыл, әкімнің айтуынша, әрқашан болады.

"Біреулерге Алматы қаласы әкімінің жұмысы ұнайды, біреулерге ұнамайды. Олардың пікір айтуға құқығы бар. Ең бастысы, біз өз жұмысымыз арқылы дұрыс бағытта келе жатқанымызды және атқарып жатқан ісімізден оң нәтижелерге қол жеткізіп жатқанымызды растап отырмыз", - деп жауап берді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051930-muny-barlyq-akimdik-zasaidy-erbolat-dosaev-zelide-taragan-baq-tizimine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel