jitsu gif branding logo appbranding logo app

    2024 жылы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе рейсі ашылады

    FlyNas әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы
    FlyNas әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы. Фото: FAYEZ NURELDINE/Getty Images

    Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Сыртқы істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство хабарында тиісті шешімге Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілгені айтылады.

    Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының FlyNas әуекомпаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайды.

    СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу мен САК Инвестициялар министрі Халид бен Абдулазиз Әл-Фалих
    СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу мен САК Инвестициялар министрі Халид бен Абдулазиз Әл-Фалих. Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

    СІМ сайтындағы мәліметке қарағанда, үкіметаралық комиссия жұмысы аясында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған.

    Бұл іс-шаралар қорытындысы бойынша үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысының хаттамасына, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі мен Сауд Арабиясының Экспорттық-импорттық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып отыр.

    Қол қойылған хаттамаға сәйкес, тараптар келесі жылдың басында қазақстандық стартап-жобаларға Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін және Қазақстанның IT мемлекет ретіндегі елдік брендін ілгерілетуге ықпал ететін бірлескен инновациялық хаб ашуға ниетті.

    Айта кетейік, Эр-Рияд – Сауд Арабиясының астанасы әрі негізгі қаржы орталығы. Қала елдің қақ ортасындағы шөлді үстіртте орналасқан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.