Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көлігін "контент үшін" шыршамен безендіргендер жазаланды (видео)

Опубликовано:

Жаңа жылға орай безендірілген көлік. Шымкент.
Жаңа жылға орай безендірілген көлік. Шымкент. Фото: polisia.kz

Шымкентте көлігін жаңажылдық шыршамен және гирляндалармен безендіріп алғандар жазаланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz ресурсының Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа жылға орай безендірілген Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқанда полиция назарына іліккен.

Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатқан.

"Жүргізушілер жол қозғалысы ережесінің бұл тармағын білмедік деп, өз әрекетін ақтағысы келді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды: құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жеткізілді", - делінген хабарда.

Жүргізушілер бұл әрекетке танымал әлеуметтік желідегі контент үшін барғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052082-symkentte-koligin-kontent-usin-syrsamen-bezendirgender-zazalandy-video/