Боранбаев мемлекетке берген қонақүй қалай қолданылады: Астана әкімі жауап берді
Жарияланған күні:
Бүгін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек баспасөз мәслихатында кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген активтер туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Журналистер Боранбаев берген активтер қалай қолданылатынын нақтылауды сұраған.
Қала әкімі Астананың меншігіне тек "Comfort отель" қонақүйі берілетінін айтты.
"Фитнес-орталықтар Астана қаласы меншігіне берілмейді. Компанияның бас кеңсесі басқа қалада болғандықтан, активтерді басқару сол жақтан жүргізіледі. Бірақ Астана емес. "Comfort отель" қонақүйіне келсек, бұл активті қала меншігіне беру рәсімі әлі жалғасып жатыр.
Рәсім аяқталғаннан кейін қандай мақсатта қолданылатынын анықтаймыз. Бірақ алдын ала қалаға осындай деңгейдегі қонақүйлер жетіспейтінін айта аламын, сондықтан бұл нысан қонақүй ретінде қызметін жалғастырады деп ойлаймын", - деді Жеңіс Қасымбек.
Қайрат Боранбаев ісі
Еске салайық, биыл қарашада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Ол мемлекет мүлкін жымқырды деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Алайда 20 қазанда оның жазасы жеңілдетілгені белгілі болды. Сотта жазаның өтелмеген бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылды деп хабарланды. Сот жазаны ауыстыру кезінде мынадай мән-жайларды ескергені айтылған.
Биылғы наурызда Қайрат Боранбаевқа үкім шығарылған кезде сот одан мемлекет кірісіне мынадай активтерді тәркілеген еді:
- Esentai mall СОСО мен Алматыдағы Esentai Tower бизнес-орталығы арасындағы құны 686 млн теңге болатын екі қабатты коммерциялық ғимарат;
- Halyk bank шотына салынған 1,3 млрд теңге;
- Halyk bank шотына салынған 5,7 млн доллар (2,7 млрд теңге);
- Halyk bank шотындағы 1,17 млн доллар (560 млн теңге);
- Halyk bank шотындағы 756 млн теңге;
- Halyk bank шотындағы 193 млн теңге.
Сондай-ақ кәсіпкер табиғи газ импорты кезінде қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлеміндегі материалдық залалды өтеген.
Үкім шығар алдында Боранбаев 90 млрд теңге тұратын активтерді мемлекетке ерікті түрде берген. Олардың ішінде:
- 2,6 миллион тонна мұнай қоры бар 143 ұңғыманы және бағалау құны 35,4 млрд теңге болатын 13,2 млн текше метр газ қоры бар "Қаражанбас Северный" мұнай кен орны;
- Нарықтық құны шамамен 14 млрд теңге болатын тауардық газды тасымалдаумен және өткізумен айналысатын "Азия газ Чунджа" газ тарату компаниясы;
- Құны 9 миллиард теңгеден асатын "ҚазТурбоРемонт сервистік орталығы" мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты;
- Астана орталығындағы құны 1,4 млрд-тан асатын 4 жұлдызды қонақүй;
- "Алмалы" сауда және ойын-сауық кешені, Fitnation фитнес-орталықтарының желісі және Almaty towers бизнес-орталығындағы кеңсе бөлмелері, жалпы құны 33,8 млрд теңге.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052103-boranbaev-memleketke-bergen-qonaqui-qalai-qoldanylady-astana-akimi-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.