Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлікке арналған қала сияқты": әкім елорда сәулетінде нені өзгерту көзделіп отырғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Астананың қыстағы келбеті
Астананың қыстағы келбеті. Фото: pixabay.com

Бүгін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек баспасөз мәслихатында елорданың сәулетінде қандай проблемалар барын айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әкім көп әріптесі Астанадан алған әсерін айтып жататынын, қаланы әуеден түсіргенде әдемі көрінетінін жиі айтатынын мәлімдеді. Бірақ әкімнің сөзінше, туындайтын мәселелері де жоқ емес.

"Мысалы қаладағы ғимараттар өзара алшақ орналасқан, қала жаяу жүргіншілерге емес, көліктерге арналғандай.

Шын мәнінде мұндай жағдайлар бар. Сондықтан президент қаланы баққа айналдыруды, адамға қолайлы, барынша тірілтуді тапсырды. Бұл бірінші кезекте абаттандыру, көгалдандыру, рекрациялық аймақтар құру, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту арқылы жасалатын шаралар. Бұл қалаға әсемдік пен елордалық келбет сыйлайтын негізгі элементтер.

Нақты аудандар, нақты орындар туралы кәсіби қауымдастық, сәулетшілер мен урбанистер тарапынан белгілі идеялар бар", - деді әкім.

Бұған дейін әкім елордадағы халық тығыздығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052132-kolikke-arnalgan-qala-siyaqty-akim-elorda-sauletinde-neni-ozgertu-kozdelip-otyrganyn-aitty/

pixel