jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Павлодарда ойыншықтан қолын шығара алмай қалған балаға құтқарушылар көмекке келді

    Ойнап отырған бала
    Ойнап отырған бала. Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодарда ойыншықтан қолын шығара алмай қалған бүлдіршінге құтқарушылар көмекке келді. Шақыртуға бес маман келген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

    Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт жасар баланың қолы пластикалық ойыншыққа қыстырылып қалған.

    Ата-анасы өздігінен ұлының қолын ойыншықты шығара алмаған соң жедел құтқару жасағының мамандарынан көмек сұраған.

    Оқиға орнынан келген мамандар ойыншықтың жиегін мұқият бөліп, баланың қолын ойыншықтан босатқан.

    Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болмаған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін павлодарлық құтқарушылар кір жуғыш машинаға кептеліп қалған бес жасар қыз баланы алып шыққан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.