jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары көшені жауып тастағаны үшін жазаланды

Құрылыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кеше Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары жылу болмағандықтан көшені жауып тастады. Олар қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, кеше, 23 желтоқсанда Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары жылуды қосуды талап етіп, көшені жауып тастаған.

"Соңғы уақытта қоғам назарын аудару мақсатында жолдарды жабу деректері кездеседі. Алайда мұндай акцияларды өткізу заңсыз болып табылады. Мәселен, кеше Алматыда River Park тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылуды қосу талаптарымен Мақатаев көшесін жауып тастады. Бұл әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, жол жүрісіне кедергі келтіру, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау болып саналады.

Бұл жағдайды тұрғындар тиісті органдармен және қызмет көрсететін ұйымдармен заң шеңберінде, сондай-ақ митинг ұйымдастыру туралы Заңның талаптарын сақтай отырып, оны алдын ала жергілікті атқарушы органға хабарлау арқылы шешуі қажет болатын. Осылайша бұл азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа азаматтарға қолайсыздық туғызды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты төрт азаматқа қатысты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Акцияның басқа тоғыз қатысушысы көліктердің жүрісіне кедергі жасағаны үшін ӘҚБтК 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Естеріңізге сала кетейік, заңсыз наразылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", – деді ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары көшені жауып тастағаны үшін жазаланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.