Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақтың апат есігін ашып жіберген жолаушы қалай жазаланғаны белгілі болды

Опубликовано:

Ұшақтың апат есігін ашып жіберген жолаушы
Ұшақтың апат есігін ашып жіберген жолаушы. Фото: Желіде тараған видео кадры

Алматыда әуе кемесінің апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция өкілдері рейс жолаушысы 23 желтоқсанда Fly Arystan әуе компаниясы өкілдерінің өтініші бойынша ұсталғанын хабарлады. Бұл оқиға Шымкент - Алматы бағытындағы рейс ұшар кезде болған.

Құқықбұзушы акт толтырылып, рейстен түсірілген. Тексеру барысында ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған алматылық 29 жастағы тұрғыны мас болғаны анықталған.

"Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол "орташа дәрежелі" мас күйде болған. Құқықбұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 566-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салды", - делінген хабарда.

Сондай-ақ ұсақ бұзақылық дерегі бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатыны белгілі болды. Аталған бап бойынша құқықбұзушы 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу түрінде жазалануы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Азаматтық авиация комитетінің өкілдері ұшақтың апаттық есігін ашып жіберген жолаушыға қатысты мәлімеде жасап, ол шара қолдану үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052449-usaqtyn-apat-esigin-asyp-zibergen-zolausy-qalai-zazalangany-belgili-boldy/

pixel