Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мысықтар жете алмасын деген шығар": Шығыс Қазақстан облысындағы шыршаны тұрғындар сынға алды

Опубликовано:

Жаңа Бұқтырма ауылындағы шырша
Жаңа Бұқтырма ауылындағы шырша. Фото: yk-news.kz

Желіде Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңа Бұқтырма ауылында қойылған мерекелік шыршаның суреттері тарап жатыр. "Біртүрлі" құрылған шыршаны тұрғындар сынға алды, деп хабарлайды YK-news.kz басылымы.

Басылымның жазуынша, қолда бар нәрседен құрастырылған жаңа жылдық шырша мессенджерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын бей-жай қалдырмаған.

Жаңа Бұқтырма ауылының орталығында биыл ерекше шырша орнатылды. Шыршаның жан жағы гирляндалармен безендірілген. Құрастырылған шырша жерден тым жоғары тұрғаны бірден көзге түседі.

"Бұл қаңғыбас мысықтар жете алмасын деген шығар", - деп әзілдеді желідегілер.

Жаңа Бұқтырма ауылы әкімдігі өкілдері жаңажылдық шыршаны безендіру аяқталғанша күтуді сұрап, мерекелік безендіруге бюджеттен ақша бөлінбегенін атап өтті.

"Безендіру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Безендіруге бюджеттен қаражат бөлінбеген. Көмек көрсетіп жатқан демеушілерге рахмет. Шыршаны безендіру, гирляндалар қою, шырша астындағы кеңістікті безендіру жоспарлануда", - деп хабарлады әкімдіктен.

Осыдан сегіз күн бұрын Астанада биіктігі 25 метр болатын елорданың бас шыршасы салтанатты түрде жағылған болатын. Ал Алматыда 20 желтоқсанда салтанатты түрде жаңа жылдық бас шыршаның шамы жанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052490-mysyqtar-zete-almasyn-degen-sygar-sygys-qazaqstan-oblysyndagy-syrsany-turgyndar-synga-aldy/

pixel