СІМ Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы визалық режимді жеңілдету бойынша толық мәлімет берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомСыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы визалық режимді жеңілдетуге қатысты толық мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жаңа жыл қарсаңында СІМ өкілі министрлік атқарған 2023 жылғы қызметінің қорытындысын баяндады.
Осы орайда министрлік ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселесіне тоқталды.
Оның айтуынша, бүгінде Еуроодақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуіне қатысты ресми консультацияны бастау туралы мәмілеге қол жеткізілді.
Консультация аясында әуелі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін еуропалық визалық режимді жеңілдетудің мынадай мәселелері қарастырылады:
- визалық алымды азайту;
- өтінімдерді қарау мерзімін қысқарту;
- көп мәртелік визалардың мерзімін ұлғайту.
Еске салайық, бұған дейін Еуроодақ елдеріне сапарлайтын Қазақстан азаматтары үшін визалық режим жеңілдеуі мүмкін екенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052566-sim-qazaqstan-men-euroodaq-arasyndagy-vizalyq-rezimdi-zenildetu-boiynsa-tolyq-malimet-berdi/