jitsu gif
Саясат

    СІМ Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы визалық режимді жеңілдету бойынша толық мәлімет берді

    Төлқұжат ұстап тұрған ер адам
    Төлқұжат ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы визалық режимді жеңілдетуге қатысты толық мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жаңа жыл қарсаңында СІМ өкілі министрлік атқарған 2023 жылғы қызметінің қорытындысын баяндады.

    Осы орайда министрлік ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселесіне тоқталды.

    Оның айтуынша, бүгінде Еуроодақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуіне қатысты ресми консультацияны бастау туралы мәмілеге қол жеткізілді.

    Консультация аясында әуелі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін еуропалық визалық режимді жеңілдетудің мынадай мәселелері қарастырылады:

    • визалық алымды азайту;
    • өтінімдерді қарау мерзімін қысқарту;
    • көп мәртелік визалардың мерзімін ұлғайту.

    Еске салайық, бұған дейін Еуроодақ елдеріне сапарлайтын Қазақстан азаматтары үшін визалық режим жеңілдеуі мүмкін екенін жазған едік.

    СІМ Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы визалық режимді жеңілдету бойынша толық мәлімет берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.