Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тасжолға шығып, көлік ұстамақ болған": Қостанай облысында әжесі мен немересі жоғалып кетті

Опубликовано:

әйел адам
Әйел адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында әжесі мен немересі іздестірілуде. Олар жолай өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып міну үшін тасжолға шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды Alau.kz.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасаған басылым мәліметінше, 26 желтоқсанда сағат шамамен 07:00-де 1965 жылы туған әйел мен оның 2012 жылы туған немересі Степной ауылындағы үйінен шығып кеткен.

"Олар Тобыл қаласына қарай бет алған. Көлік ұстау үшін тасжолға шыққан, бірақ діттеген жеріне жетпеген", - деп жазады басылым.

Басылым тілшісі қазір іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен полицейлер қосылып, Степной ауылынан Айсары ауылына дейінгі аумақты қарап жатқанын атап өтті.

Іздеуге атсалысып жатқан "Дос" іздеу-құртқару отрядының еріктілері Instagram-дағы парақшасында әжесі мен немересі әлі табылмағанын мәлім етті.

Жоғалып кеткен әжесі мен немересі туралы бағыттама
Жоғалып кеткен әжесі мен немересі туралы бағыттама. Фото: alau.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052811-taszolga-sygyp-kolik-ustamaq-bolgan-qostanai-oblysynda-azesi-men-nemeresi-zogalyp-ketti/

pixel