Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дина Таңсәріге іздеу жарияланды

Опубликовано:

Динара Смаилова
Динара Смаилова. Фото: t.me/dina_tansari

"НеМолчи" қорының негізін қалаған Дина Таңсәріге (Динара Смаилова) іздеу жарияланды. Ақпарат ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ресми сайттың мәліметінше, Динара Смаиловаға Өскемен қалалық полициясы іздеу жариялаған. Іздеу ісі 2023 жылдың 27 желтоқсанында тіркелген.

Динара Смаилованы іздеу ісі
Динара Смаилованы іздеу ісі. Скриншот: qamqor.gov.kz

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық ПД өкілдері 16 қазанда Өскемен ПБ Ертіс полиция бөлімшесі Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары тиісті тергеу әрекеттерін бастады, олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі.

"ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі - бір немесе бірнеше адамға қатысты жасалған алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену.

Оның жазасы - мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052961-dina-tansarige-izdeu-zariyalandy/

pixel