Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Дина Таңсәріні екі айға қамау туралы шешім шығарды

Опубликовано:

Дина Таңсәрі (Динара Смаилова)
Дина Таңсәрі (Динара Смаилова). Фото: instagram.com/dinatansari

Өскемен соты "НеМолчиKZ" қорының басшысы Дина Таңсәріге (Динара Смаилова) қатысты екі айға қамау алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

"2023 жылдың 16 қазанында Өскемен қаласының полиция басқармасы Д.Б.Смаиловаға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағаны анықталды. Д.Б. Смаилованың осы қылмыстық іс бойынша іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі бойынша сараланған және оған мемлекетаралық іздеу жарияланды.

2023 жылдың 28 желтоқсанында Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты Д.Б.Смаиловаға қатысты оны ұстаған сәттен бастап 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін "НеМолчи" қорының негізін қалаған Дина Таңсәріге (Динара Смаилова) іздеу жарияланғанын хабарлаған едік. Кейін полиция өкілдері оған қатысты істің мән-жайын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053160-sot-dina-tansarini-eki-aiga-qamau-turaly-sesim-sygardy/

pixel