jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Қазірден дәрілеу керек": түркістандықтар көктемде шіркейдің шырмауында қаламыз ба деп алаңдаулы

шіркей
Жәндіктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысының шаруалары "шіркейдің шырмауында қаламыз ба" деп алаңдаулы. Қыс ортасына жақындаса да Сырдария өзені бойы шіркей личинкасына лық толған деп хабарлайды, KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысының тұрғындары келер жылы көктемнен бастап тағы да шіркейдің шырмауында қаламыз ба деп қорқады. Өйткені қыстыкүні-ақ өзен жағалауын шіркейдің личинкасы шырмап алған.

"Қыстыгүні қамданбасақ екі-үш айдан кейін шіркейдің шырмауында қаларымыз анық. Таза ауамен тыныстаудың өзі мұң боп қалады. Демалсаң аузы-мұрныңа кіріп, аллергия басып, әбден мазамыз қашады. Қазірден дәрілеу керек. Дарияның жағалауын, Көксарай суқоймасын қыста кемінде екі үш рет дәрілеу керек", - дейді Отырар ауданы Шеңгелді ауылының тұрғыны Хамит Адасханов. 

Түркістандықтар шіркейге қарсы алдын алу шараларын қазірден бастауды сұрап отыр.

"Шіркейдің көбеюі тура қыста басталады екен. Желтоқсаннан бастап шіркейге қарсы дәрілеуді бастау керек деп үлкендерден естіп едім. Егістік алқапта, лай суда шіркейдің личинкалары үйіліп қалған. Бізді, мал-жанды түгелімен титықтатып, жаздай жеп қойған қара шіркей қаумалайын деп тұр. Ертерек дәрілеу жұмыстарын бастаса екен", - дейді Түркістан облысының тұрғыны Әділет Әшімов. 

Ала жаздай тұрғындарды да титықтатып, үй жануарларының төлдерін талап өлтірген шіркеймен күресті жергілікті жауаптылар Түркістан облыстық энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мойнына алған деп отыр. 

"Сырдария өзені жағалауындағы аудан, қалаларда (Арыс қаласы, Шардара, Отырар, Сауран) шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін Түркістан облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан қаржы қаралған", - деп жауап берді Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жанар Пердешқызы

"Қазірден дәрілеу керек": түркістандықтар көктемде шіркейдің шырмауында қаламыз ба деп алаңдаулы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.