Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқшылық жылы": нумеролог пен астрологтар жаңа 2024 жыл қандай болатынын болжады

Опубликовано:

Шырша
Шырша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Нумеролог пен астрологтар жаңа — 2024 жылға қатысты болжамы жасады. Табалдырықтан аттағалы тұрған Ұлу жылынан не күтеміз? Сала мамандарының пікірін КТК телеарнасы жариялады.

Телеарна тілшілері сала мамандарының болжамына, табиғат тылсымына, бабалар дүнитанымына үңіле отырып, алдағы жылға болжам ұсынды.

Әлімсақтан түркі жұрты, оның ішінде қазақтар Ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдаған. Ұлу суда жүретін болғандықтан, құрғақшылық қаупі жоқ. Жыл тыныштықпен, береке-молшылықпен өткен. Белгілі астролог Болат Бопайдың да пікірі осыған саяды.  

"Келер жылымыз халқымызға молшылық, жақсылық, бейбітшілік, тоқшылық әкеледі. Ауа райы жөнінен алып айтқанда, ұлу дымқыл жерде өмір сүреді. Сондықтан жазда жаңбырлы, егін бітік, шөп шүйгін шығады деп қаралады. Сондықтан бұл келетін жылды бүкіл әлемге, халқымызға жақсылық жыл деп есептеймін", - деді астролог Болат Бопай.

Бейбіт өмірді сүйетін, жаны тыныштықты қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Көпшілік аузынан тастамайтын нумерологияның дегеніне сенсек әрбір санның өзіндік мәні мен қуаты бар.

Келер жылдың сандарын бір-біріне қоссақ 8 шығады. Ал бұл сан нумерология бойынша жетістік пен молшылықтың символы екен.

"2024 жыл табысты жыл. Кейбір адамға осындай төмен жыл деп саналады. Бірақ та төмен жыл болмау үшін өте маңызды жылдың басынан бастап біреуге көмектесіп, кешірім сұрап, кешірімді болу керек. Барлық құжатқа тиянақты болу керек. Өйткені 2024 жыл 0439, яғни шашыраңқы адамдарды ұнатпайды. 2024 жылы өте тиянақты болу керек", - деді нумеролог Әдемі Мәуленова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053189-toqsylyq-zyly-numerolog-pen-astrologtar-zana-2024-zylga-qatysty-bolzam-zasady/

pixel