Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

Опубликовано:

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Орталықтың мәліметінше, тестілеудің өзі 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

ҰТО өкілдері қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайтынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053326-qantar-aiynda-otetin-ubt-ga-qatysu-usin-otinis-qabyldau-bastaldy/

pixel