Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі ауа райы нашарлауы: 200-ден астам адам жолаушылар пойызымен эвакуацияланды

Опубликовано:

Теміржол стансасында тұрған эвакуацияланған адамдар
Теміржол стансасында тұрған эвакуацияланғандар. Фото: t.me/railways_kz

Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты Көкшетау-Астана тасжолы жабылып, тасжолда қалған адамдар жолаушылар пойызымен эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚТЖ жаңалықтары Telegram арнасы.

Ведомство ақпараты бойынша, ауа райы жағдайлары нашарлағандықтан, Көкшетау-Астана тасжолы жабылған.

"Осыған байланысты 200-ден астам адам Ақкөл станциясының тасжолынан елордаға дейінгі №6830 ұлттық тасымалдаушының пойызымен эвакуацияланды Пойыз бригадасы жолаушыларға қажетті көмек көрсетті", - делінген хабарламада.

Теміржол стансасында тұрған эвакуацияланған адамдар
Теміржол стансасында тұрған эвакуацияланғандар. Фото: t.me/railways_kz

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қолайсыздығына қарамастан, теміржолдағы пойыз бригадасының барлық қызметкері жолаушылар пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, жолаушыларды тасымалдау кезінде барлық жайлылық жағдайларын жасайды.

Еске салайық, бүгін Ақмола облысындағы "Астана-Петропавл" республикалық тасжолының бойында Ақкөл қаласының іргесінде боран кезінде 16 көлік соқтығысып, жол апаты болғанын жазған едік.

Сондай-ақ Ақтауда қатты соққан желден жағалауда жаңажылдық шырша құлаған, ал тағы бір ауданда балабақша мен моншаның шатырларын жел ұшырып әкеткені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053379-aua-raiy-nasarlauy-200-den-astam-adam-zolausylar-poiyzymen-evakuaciyalandy/

pixel