Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайы ұшақтарды қабылдауды уақытша тоқтатты: ондаған рейс кешігіп жатыр (видео)

Опубликовано:

Әуежай
Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Астана әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты ұшақтарды қабылдауды уақытша тоқтатты. Отызға жуық рейс кешігіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ халықаралық әуежайдың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

"Қолайсыз ауа райына байланысты Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы 30 желтоқсан сағат 09:00-12:00 аралығында жабық болады. Қазір елорда әуежайына қонатын 27 әуе рейсі кешіктірілуде", - делінген хабарламада.

Әежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, әуекомпаниялар ауа райының нашарлауына байланысты рейстерін кейінге қалдыруға шешім шығарды.

"Жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Авиациядағы басты қағида - қауіпсіздік", - дейді Астана халықаралық әуежайының өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053406-astana-auezaiy-usaqtardy-qabyldaudy-uaqytsa-toqtatty-ondagan-reis-kesigip-zatyr-video/

pixel