Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Қарағанды облысының тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Боран
Боран. Видеодан кадр: Қарағанды облысы ПД

Полиция қызметкерлері ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысының тұрғындарына елді мекендерден асып, алыс сапарларға шықпауға кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысында екпінді жел, боран мен көктайғақ сақталуда. Полиция қызметкерлері құтқарушылар, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдармен бірге боранда жолда қалып қойған жандарға көмек көрсетуде.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, кейбір жүргізушілер ескертулерге қарамастан тасжолға шығып жатыр.

"Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына ауа райының нашарлауына байланысты алыс сапарға шығудан бас тартып, елді мекендерден алыс кетпеуге шақырамыз. Ауа райы мен көлік қозғалысының шектеулеріне қатысты SMS-хабарламаларға назар аударып, оларды ескерген жөн", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053446-policeiler-qaragandy-oblysynyn-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel