jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Астана әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 рейсті тоқтатты

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: Рiqsels.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайы 31 желтоқсанға жоспарланған 10 рейсті тоқтатты. Әуежайдың ұшу-қону алаңында метеорологиялық жағдай күрделі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қандай рейстердің тоқтатылғаны жайлы әуежайдың ресми Telegram-арнасында айтылды.

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, 31 желтоқсанда Астана халықаралық әуежайында барлығы 112 рейс жоспарланған. Қазірдің өзінде ауа райына байланысты төмендегі 10 рейс тоқтатылған:

  • LH 646 Астана-Франкфурт;
  • KC 7319 Астана-Қызылорда;
  • KC 956 Астана-Алматы;
  • KC 992 Астана-Алматы;
  • TK 355 Астана-Стамбұл;
  • IQ 407 Астана-Шымкент;
  • KC 345 Астана-Өскемен;
  • 5W 788 Астана-Абу-Даби;
  • KC 762 Астана-Алматы.

Айта кетейік, кеше Астанада ауа райының қолайсыздығынан ұшақтар жаппай кешікті. 30 желтоқсан күні таңертең елорда әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақтарды қабылдауды тоқтатты.

Астана әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 рейсті тоқтатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.