jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің бес облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Жамбыл облысында жол жабылды
Жамбыл облысында жол жабылды. Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бес облысында жол жабылды. Өңірлерде республикалық маңызы бар автожолдың он участкесіне шектеу енгізілген, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жолдар Ақмола облысында, Шығыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысы мен Қостанай облысында және Ұлытау облысында жабылған.

  • Ақмола облысының "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 1292-1353 шақырымы мен Жібек жолы ААП - Қарағанды облысы шекарасының 61 шақырымында жол шектелген. 
  • Шығыс Қазақстан облысының "Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясы шекарасы" участкесінің 105-123 шақырымы мен Шемонаиха қаласынынан - Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі 18 шақырым жолда көлік қозғалысы шектелді.
  • Қарағанды облысында 5 жол учаскесінде жол жабылған.
  • Қостанай облысында "Жезқазған-Петропавл" автожолының 252-335 шақырымы мен Ұлытау облысының шекарасынан - Арқалық қаласына дейінгі 83 шақырым жол жабылды.
  • Ұлытау облысында "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 64-137 шақырым аралығы мен Жезді кентінен Ұлытау ауданына дейінгі жолдың 73 шақырымы жабылды.
  • Сонымен қатар өңірде "Жезқазған-Петропавл" жолының 137-252 шақырымы мен Ұлытау ауданынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі 115 шақырым жол жабылды.

Сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 463 бірлік техника және 754 адам жұмылдырылғанын атап өтілді

Еліміздің бес облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.