Қарағанды облысында полицейлер боранда тасжолда қалып қойған адамдарды құтқаруда
Жарияланған күні:
Қарағанды облысында боранда тасжолда қалып қойған адамдар құтқарылуда. Екі күн ішінде полиция қызметкерлері жолда қалған 17 мыңға жуық көлікті жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Полиция мәліметінше, 31 желтоқсан таңғы сағат 7:00-дегі жағдай бойынша тасжолдарда 1359 көлік қалып қойған. Көлікте 3459 адам болса, оның ішінде 129 бала бар. Тек Алматы-Екатеринбург тас жолы бойында ішінде 3 мыңға жуық адамы 1150 көлік жолда тұрып қалды.
Полиция желтоқсан айының 30-нан 31-не қараған түні Ботақара-Баянауыл, Ботақара-Қарқаралы тас жолынан 103 ересек адам мен жеті баланы құтқарып, аудан орталығында жылы жерге орналастырған.
Екі күн ішінде полиция қызметкерлері жолда қалған 17 мыңға жуық көлікті жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді.
Айта кетейік, бүгін еліміздің бес облысында республикалық маңызы бар автожолдардың жабылғаны белгілі болды.
Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпай, ауа райының күрт өзгеруі бойынша келген хабарламаларға құлақ асуды және көмек керек болған жағдайда 102 телефонына қоңырау шалуды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053469-qaragandy-oblysynda-policeiler-boranda-taszolda-qalyp-qoigan-adamdardy-qutqaruda/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.