Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жыл түні үш мыңнан астам алматылық полицей тәртіпті қадағалайды

Опубликовано:

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жаңа жыл түні үш мыңнан астам алматылық полиция қызметкері тәртіпті қадағалайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы органның баспасөз қызметінің мәліметінше, "Астана" алаңында полицияның біріктірілген күштерін саптүзеу рәсімі өтті.

Оны Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров жүргізді.

"Өздеріңіз білетіндей полицияның басты міндеті – қоғамдағы тұрақтылықты, заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар халықпен сапалы жаңа қарым – қатынас орнату және халықтың сеніміне ие болу болып табылады.

Біздің қызметкерлер – қоғамның тұрақтылығымен жеріміздің қорғаны, тыныштықтың сақшысы, мемлекет қауіпсіздігінің кепілі.

Әр қызметкер қылмыспен күрес және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісіне үлесін қосуда. Біз Отан алдында қызметтік борышын адал орындайтын департамент қызметкерлерін мақтан тұтамыз", - деді Арыстанғани Заппаров.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының полицейлері қызметтің күшейтілген режиміне көшкені хабарланған еді.

Патрульдік жасақтардың саны ұлғайтылып, қызмет көрсету маршруттары күшейтілген, жаяу патрульдік қызметке Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі тартылған.

ПД өкілдерінің хабарлауынша, азаматтар көп жиналатын орындар мен мәдени-ойын-сауық шаралары өтетін орындар ерекше бақылауда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053491-zana-zyl-tuni-us-mynnan-astam-almatylyq-policei-tartipti-qadagalaidy/

pixel