Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында мереке кезінде қоғамдық тәртіпті бақылауға 500-ден астам полицей жұмылдырылды

Опубликовано:

Сапта тұрған полиция қызметкерлері
Сапта тұрған полиция қызметкерлері. Видеодан үзінді: t.me/dp_abai

Абай облысында жаңажылдық мерекелер кезінде қоғамдық тәртіпті сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 500-ден астам полицей жұмылдырылды. Оның ішінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері бар, деп хабарлайды Абай облысы полиция департаменті Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, орталық алаңда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері – патрульдік полиция, учаскелік полиция инспекторлары, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылған.

Сондай-ақ ПД бастығы халық қауіпсіздігін өз мүддесінен жоғары қоятын, қызметке берілген полицейлерді мақтан тұтатынын жеткізді.

"Қоғамдық тәртіпті қорғауға келген полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін. Халық қауіпсіздігінің мүдделерін бәрінен жоғары қоятын, қызметке берілген және сіздерге жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарайтын полицейлерімді мақтан тұтамын. Халқымыздың тыныштығы мен тұрақтылығы – ең қымбат. Жаңа жыл құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық пен амандық тілеймін", – деді ПД бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Жаңа жыл түні үш мыңнан астам полиция қызметкері тәртіпті қадағалайтыны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053494-maqtan-tutamyn-abai-oblysynda-mereke-kezinde-qogamdyq-tartipti-baqylauga-500-den-astam-policei-zumyldyryldy/

pixel