jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Астана-Щучинск жолы барлық автокөлік түрлеріне ашылды

Боран
Боран. Көрнекі фото: pexels.com

Астана-Щучинск жолындағы барлық көлік түріне енгізілген шектеулер алынды. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС-на сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2 қаңтар күні сағат 07.30-дағы жағдай бойынша ауа райының тұрақталуына байланысты Астана-Петропавл тасжолындағы Астана-Щучинск бөлігі барлық көлік түрлеріне ашылды", — деп жазды "City Transportation Systems" ЖШС.

Айта кетейік, бұған дейін ауа райы нашарлауына байланысты елімізде бірқатар республикалық маңызы бар тасжол жабылған болатын.

31 желтоқсан күні Қарағанды облысының полицейлері өңір тұрғындарына үндеу жасап, алыс жолға шықпауға шақырған еді. Полиция қызметкерлері құтқарушылар, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдармен бірге боранда жолда қалып қойған жандарға көмек көрсетті.

Астана-Щучинск жолы барлық автокөлік түрлеріне ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.