Түркістан облысында полицейлер жүргізушілерге сый-сияпат ұсынды
Жарияланған күні:
Түркістан облысының полицейлері 2024 жылдың алғашқы рейдін ерекше бастады, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Түркістан облысы аумағында 2024 жылғы 1 қаңтарда тас жолдарды тұман басқандықтан патрульдік полицейлер ерекше рейд жүргізді.
Полицейлер әйел жүргізушілерге және қарт жолаушылар мен көліктегі балаларға сый-сияпат ұсынып, жол ережесін сақтауға шақырды. Бұған қоса автокөлікті мұқият жүргізуді, жылдамдықты асырмауды ескертті.
Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері мерекеге байланысты қаңтардың ортасына дейін күшейтілген күн тәртібінде қызмет етеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053713-turkistan-oblysynda-policeiler-zurgizusilerge-syi-siyapat-usyndy/