Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізіле ме: денсаулық сақтау министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Маска таққан қыз көлік тоқтатып тұр
Маска таққан қыз көлік тоқтатып тұр. Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін үкіметте өткен брифингте қазақстандықтар медициналық маска тағуға міндеттеле ме деген сұраққа жауап берді. Бұл турлы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Коронавирус қайтадан өрши ме: министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында кейінгі жарты жылда Қазақстанда ай сайын коронавирус жұқтыру бойынша 100-ден 400-ге дейін жағдай тіркелгенін хабарлады. COVID-19-дан 23 адам қайтыс болған, оның 70 пайызы 60 жастан асқандар.

Кейін журналистер қазақстандықтарды қайтадан медициналық маска тағуға міндеттеу мәселесін сұрады. Министр бүгінде елдегі коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті.

"Негізінен коронавирустық инфекция – жыл бойында жүретін ауру. Біз оны ай сайын тіркейміз. Қосалқы аурулары бар адамдар өте ауыр өткереді, ауруханаларға түседі. Негізінен қарттар. Тәуекел тобына - созылмалы аурулары бар науқастар, әсіресе тыныс алу органдарының аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары, сондай-ақ қарттарға - біз ревакцинациядан өтуді ұсынамыз. Бетперде тағуды ұсынамыз", - деді ол.

Жалпы, Ажар Ғинияттың айтуынша, маскаларға қатысты ұсыныс тек КВИ жағдайында ғана емес, сонымен қатар ЖРВИ және тұмаумен де ауырғанда тағу ұсынылады.

"ЖРВИ маусымы қазан айынан мамыр айының соңына дейін жүреді. Ол басталған бетте бас санитария дәрігерінің қаулысы шығады, оған сәйкес жыл сайын маска тағу мен осы аурулардың алдын алу ұсынылады. Ал медициналық ұйымдарда міндетті түрде бетперде режимі енгізіледі. Бірақ біз міндетті түрде бетперде тағуды (режимін айтады - авт. ескертпесі) қайтаруды ұсынамыз", - деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054596-qazaqstanda-maska-tagu-rezimi-qaita-engizile-me-densaulyq-saqtau-ministri-zauap-berdi/