Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДҰ ресми түрде коронавирустық пандемия аяқталғанын жариялады

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

ДДҰ COVID-19 үшін пандемия мәртебесін жояды. Бұл туралы ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ДДҰ-ның Twitter-дегі аккаунтында жарияланған брифинг барысында мәлімдеді.

"ДДҰ-ның COVID-19 Төтенше жағдайлар жөніндегі сарапшылар комитеті маған COVID-19 халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай мәртебесін (PHEIC) жоюды ұсынды. Мен бұл кеңесті орындадым және пандемияның аяқталғанын жарияладым", – деді Гебрейесус брифингте.

Алайда, оның айтуынша, бұл COVID-19 денсаулыққа жаһандық қауіп төндіруді тоқтатты дегенді білдірмейді.

"Пандемия басталғаннан бері аурудан ресми түрде 7 миллионға жуық адам қайтыс болды. Нақты сандар әлдеқайда жоғары. Бұл жерде кем дегенде 20 миллион адам қайтыс болғандығы жайлы сөз қозғалуда", – деп атап өтті Тедрос.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында Женевада өткен брифингте коронавирустық пандемия туралы ресми түрде жариялады. Ол кезде әлемнің 114 елінде COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайлары расталып, жұқтырғандардың жалпы саны 121 мың адамнан асқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2019630-ddu-resmi-turde-koronavirustyq-pandemiya-ayaqtalganyn-zariyalady/

pixel