Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боран, көктайғақ, қатты жел: Қазақстанның қай өңірінде күн райы бұзылады

Опубликовано:

Бұрқасын
Бұрқасын. Көрнекі фото: Gillian Henry/Getty Images

Синоптиктер бірқатар өңірде күн райы бұзылатынын айтып, дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

10 қаңтарда Қызылорда облысында түнде батысында, күндіз орталығында, шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында желдің жылдамдығы 23-28 м/с.

Ертең күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын соғады деп болжанды. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с болады. Қостанай қаласында бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігін, орталығын тұман басады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с болады. Жезқазған қаласында күндіз бұрқасын, көктайғақ, түнде тұман болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші - 15-20, күндіз екпіні - 25 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.

10 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын бсоғады деп болжанды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ертең Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Талдықорған қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады, 11 қаңтарда облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда желдің екпіні 30 м/с және одан жоғары болады.

Ертең Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 10, 11 қаңтарға қараған түні облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады деп болжанды.

Астана қаласында 10 қаңтарда түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с одан аса күтіледі.

10 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады, 11 қаңтарда түнде облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады.

Қарағанды облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады.

Абай облысында түнде облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз 10, түнде 11 қаңтарда облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады деп болжанды.

Шығыс Қазақстан облысында түнде батысында, шығысында, оңтүстігінде қар, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 10, түнде 11 қаңтарда облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. .

10 қаңтарда Түркістан облысында түнде солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 30 м/с және аса күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, түнде облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23 м/с болады деп болжанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054695-boran-koktaigaq-qatty-zel-qazaqstannyn-qai-onirinde-kun-raiy-buzylady/

pixel