Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 240 млн теңгеден астам қаржы жымқырған мектеп директоры мен бухгалтерлеріне қандай жаза тағайындалды

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда №122 орта мектеп директоры және бухгалтерлеріне 240 млн теңгеден астам ақша жымқырды деген айып тағылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте ведомство өкілдері мектеп директоры мен бухгалтерлеріне қатысты сот қандай үкім шығарғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"11 желтоқсанда Алматы қаласы Әуезов аудандық соты бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған "№122 жалпы білім беретін мектеп" КММ директоры Смағұловаға, мекеме бухгалтерлері Тілеуқабылова мен Іргебаеваға қатысты үкім шығарды.

Сотталғандар бюджет қаражатын "өлі жандардың" шотына жалақы аудару арқылы және шектен тыс жалақы тағайындап, жеке шоттарына аудару арқылы ұрлаған. Аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 242 миллион теңгеден астам шығын келтірілген", - деді Антикор ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Антикор таратқан ақпарат бойынша, сот директор мен бухгалтерлердің бірін 7 жыл 6 айға, екінші бухгалтерді 7 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.

Сондай-ақ сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054803-almatyda-240-mln-tengeden-astam-qarzy-zymqyrgan-mektep-direktory-men-buxgalterge-qandai-zaza-tagaiyndaldy/

pixel