Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біреуі тоқтатылды": ауа райына байланысты Астана әуежайында 12 рейс кешіктірілді

Жарияланған күні:

әуежайдағы жолаушы
Жолаушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Астана әуежайында рейстердің кешігуі мен тоқтауының себебін түсіндірді. Қазіргі уақытта бір рейс тоқтап, 12 рейс кешіктірілген, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі қалың қар мен қатты желдің әуе қатынасына әсер еткенін хабарлады.

"Елордада 10 қаңтарда қолайсыз ауа райы орнады. Бүгін жауған қалың қар мен қатты жел әуе тасымалына да өз ықпалын тигізді. Әуеайлақ қызметі сағат 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі мүмкіндігі туралы хабарлама алды. Мұндай ауа-райында авиациялық қауіпсіздік мақсатында авиакомпаниялардың шешімімен әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін.

Дәл қазір әуежайдың әуеайлағында қатты жел соғуда. Оның жылдамдығы 11 м/с. Алайда, желдің екпіні 16м/с дейін жетіп тұр.

Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған болатын. Оның 12 рейсі, яғни, 4 ұшатын және 8 ұшып келетін ұшақтың кеш келуіне байланысты кешікті. Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты IQ389 Астана-Жезқазған бағытында ұшатын рейс тоқтатылды", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Telegram арнасында.

Сонымен қатар ведомстваның баспасөз қызметі қазіргі уақытта әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз атқарылып жатқанын айтты.

"Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылған", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осыған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты елордада әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін екені ескертілді.

Айта кетейік, бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктер үшін Астанадан шығатын барлық жол жабылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054885-astana-auezaiynda-reisterdin-toqtauy-men-kesiktiriluin-azamattyq-aviaciya-komiteti-tusindirdi/