jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін": Астана әуежайының өкілдері ескерту жасады

    Астана әуежайы
    Астана әуежайы. Фото: nn-airport.kz

    Астана халықаралық әуежайы өкілдері елордада күн бұзылуына байланысты жолаушыларға үндеу жасады қалада дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін", - деп ескертті Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

    Баспасөз қызметінің мәліметінше, дәл қазір әуежайдың әуеайлағында қалың қар жауып тұр, желдің жылдамдығы 10 м/с, алайда желдің екпіні 15 м/с дейін жетіп тұр.

    "Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. 7 рейс әуекомпаниялардың техникалық себептеріне байланысты кешіктіріліп жатыр. Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе кейінге қалдыруы тіркелген жоқ", - делінген хабарламада.

    Әуежай өкілдері әуежай маңын қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатқанын, қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылғанын атап өтті.

    Рейстері туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады.

    Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді: 8 (7172) 702-999.

    "Әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін": Астана әуежайының өкілдері ескерту жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.