jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Қарлы боранға байланысты Астанадан шығатын жолдар уақытша жабылды

Астана
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктер үшін Астанадан шығатын барлық жол жабылды. Елорда тұрғындары мен қонақтарына айналма жолдарға шықпауға кеңес берілді, деп жазады қалалық жол полициясының департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Астана полиция департаменті қаладан шығатын барлық жол көліктердің кез келген түріне жабық екенін ескертеді.

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына, көрінудің шектелуіне және жел соғуына байланысты Солтүстік және Оңтүстік айналма жолдармен, Астананың айналма жолымен жүрмеу керектігін ескертті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция департаменті көлік жүргізушілеріне қашықтықты сақтауға және жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес берді.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін елордада әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін екені ескертілді.

Қарлы боранға байланысты Астанадан шығатын жолдар уақытша жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.