jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Оралда сирек кездесетін атмосфералық құбылыс видеоға түсіп қалды

Ерекше табиғат құбылысы
Оралда көрінген табиғат құбылысы. Фото: t.me/uralsk404

Сәрсенбіге қараған түні оралдық тұрғындар өте сирек кездесетін табиғат құбылысын байқаған. Аспанға қарай бағытталған жарқыраған түрлі түсті бағаналарға ұқсайтын көрініс видеоға түсіп қалған. Мамандар бұл құбылыстың себебін түсіндірді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, қаланың әр жерінде жарқыраған түрлі түсті бағаналар көрінген. Ерекше құбылысты қала тұрғындары фото-видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Куәгерлердің айтуынша, көрініс өте ерекше болған.

Мамандар мұндай атмосфералық құбылысқа бірнеше фактор әсер ететінін айтады. Олардың сөзінше, бұл құбылыс температура 20 градустан төмен, жоғары ылғалдылық және желсіз ауа райы кезінде көрінеді. Мұндай жағдайда күндіз гало (күн айналасындағы жарқын шеңберлер) пайда болуы мүмкін. Ал түнде жердегі кез келген жарық көзінен аспанға қарай бағыттылған осындай бағаналар көрінеді, дейді мамандар.

"Ауадағы ылғалдан атмосферада түзілетін бұл мұз кристалдары көлденең орналасып, айна сияқты жарықты шағылыстырады. Яғни, бұл - өте сирек кездесетін, бірақ қалыпты атмосфералық құбылыс", - деді М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың география кафедрасының аға оқытушысы Дінмұхамед Есқалиев.

Дереккөз: КТК

Оралда сирек кездесетін атмосфералық құбылыс видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.