jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қарағанды әкімі жұмыс берушілерден қызметкерлерді үйіне ерте жіберуді өтінді

Мейрам Қожықов
Мейрам Қожықов. Фото: instagram.com/meiram_kozhukhov

Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов жұмыс берушілерге жүгінді. Ол ауа райы нашарлауына байланысты қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қала басшысы Instagram-дағы ресми парақшасында тұрғындарға жүгінді.

"Қайырлы күн қарағандылықтар! Кешегі боран мен қатты желден кейін электр желілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстардың басым бөлігі аяқталды, Майқұдық пен Пришахтинскіде бірнеше үй қалды, “Қарағанды Жарық” мамандары жұмыс істеп жатыр, менің ойымша, жақын арада аяқталуы тиіс", - деді әкім.

Сондай-ақ әкім "Глобал Сити" маңындағы бір бағдаршамды қатты жел жұлып кеткенін айтты.

"Біз оны тез арада шешіп алдық, жақын арада кепілдік мерзім аясында мердігер оны бұрынғы орнына орнатады. Басқа бағдаршам нысандары әдеттегідей жұмыс істеп тұр. Әрі қарай жұмыстарды жалғатырамыз. Барлық тұрғындарды ескертемін!

ТЖ алдын алу бойынша бүгін тағы да боран болады деп күтілуде, мүмкіндігінше үйлеріңізде болыңыздар және қала сыртына шықпаңыздар, ауа райы нашарлаған жағдайда жұмыс берушілерден өз қызметкерлерін үйге ерте жіберуін сұраймын", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығы туындағаны хабарланған болатын - өңірде қатты жел мен боран соқты. Салдарынан Қарағанды мен Теміртау жартылай жарық пен жылусыз қалды.

Қарағанды әкімі жұмыс берушілерден қызметкерлерді үйіне ерте жіберуді өтінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.