jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"30 градус аяз, қалың қар": демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Боран
Қыс. Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, елімізде алдағы үш күнде қалың қар жауып, күн суытады. Кей өңірлерде жауын-шашын түссе де, күн райы суық болады деп күтілуде.

Синоптиктер Ресейдің еуропалық бөлігінде болған циклон демалыс күндері Сібірге жетіп, Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді деп болжады.

Батыс өңірлерде арктикалық циклон күшейіп, кейін басқа облыстарға ауысады.

Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауған қар мен бұрқасыннан кейін аяз болады деп күтіледі.

Ауа температурасы республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында -25...-30 градусқа жетсе, елдің шығысында -15...-20 градус аяз болады.

Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы -5...-15 градусқа төмендейді деп болжанып отыр.

"30 градус аяз, қалың қар": демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.