jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты қай өңірлерде жол жабылды

боран
Боранда жолға шыққан адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдарды жабу я шектеу шаралары жалғасып жатыр. Бұл туралы QazAvtoJol өкілдері Telegram-арнасында мәлім етті.

4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізіліп отыр:

️Ақтөбе облысында – 1 учаске

"Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 97-330 км, Қандыағаш қаласы - Атырау облысының шекарасы – 233 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылатыны айтылады.

Жамбыл облысында – 1 учаске

"Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен ауылы - Қайнар ауылы – 79 км. Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.

Батыс-Қазақстан облысында – 1 учаске

"Орал-Тасқала-РФ шекарасы" 4-104 км, Орал қаласы-РФ шекарасы – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Қостанай облысында – 1 учаске

"Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 386-503 км, Денисовка ауылы - Рудный қаласы – 117 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.

"Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 454 бірлік техника және 586 жолшы жұмылдырылды", - делінген хабарда.

Айта кетейік, республикалық маңызы бар автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды жүргізіліп, қар тазалау техникалары тәулік бойы жұмыс істейді.

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты қай өңірлерде жол жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.