"Қазгидромет" өкілі ақпанда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады
Жарияланған күні:
Ақпан айында Қазақстанда күн райының тұрақсыз сипаты болжанып отыр. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі "Қазгидромет" РМК өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазгидромет" РМК ұзақ мерзімді күн райы басқармасының бастығы Жұлдыз Исабекованың айтуынша, ақпанда елдегі температуралық фон нормадан 1-2 градус жоғары болуы мүмкін.
"Алайда жекелеген күндері қаңтар айындағыдай аяз түсіп, түнде -20, -28 градус, күндіз -10, -15 градусқа дейін суытады", - дейді ол.
Бұдан басқа, келесі айдың кейбір күндерінде оңтүстік циклондардың әсерінен жылымық ауа температурасының күндіз солтүстік облыстарда сәл ғана, ал оңтүстік облыстарда +5, +15 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.
Айта кетелік, бұған дейін синоптиктер осы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді, сондай-ақ бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайыз ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055310-20-28-gradus-ayaz-qazgidromet-okili-aqpanda-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/