Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында полицейлер автобус бұзылып, тасжолда қалып қойған шетелдіктерге көмек көрсетті (видео)

Опубликовано:

Автобус
Автобус. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Ақмола облысында полицейлер автобус бұзылуы салдарынан тасжолда қалған шетелдіктерді құтқарды. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

Ведомство ақпараты бойынша, 14 қаңтарға қараған түні Астана-Петропавловск республикалық автожолында Ресейдегі Сургут қаласынан келе жатқан рейстік автобустың ауа құбыры жарылып, істен шыққан.

"Көліктер қозғалысы үшін жабылған жолда жүргізуші мен 65 жолаушы қалған, оның ішінде 10 жасар бала мен 14 әйел бар. Олар Тәжікстан азаматтары", – делінген хабарламада.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, аға лейтенанттар Азамат Тулегенов пен Нұрсұлтан Сағандықовтың құрамындағы "Бақай" патрульдік полиция ротасының экипажы шетелдіктерге көмектесу мақсатында келген. Олар оқиға туралы ТЖ құрылымына және жергілікті атқарушы органдарға хабарлады. Полицейлер автобусты тексеріп, тез арада бұзылу себебін анықтады.

Тәртіп сақшылары жүргізушілермен бірге оқиға орнында ақауларды жойып, автобусты Ақкөл қаласындағы жақын маңда орналасқан жылыту пунктіне дейін бағыт көрсетіп, ала жүрген.

Шетел азаматтары жылыту пунктінде жол ресми ашылып, қозғалыс қайта жанданғанға дейін болады.

Еске салайық, бүгін ауа райы нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Астана-Щучинск" учаскесі барлық автокөлік түріне жабылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055359-aqmola-oblysynda-policeiler-avtobus-buzylyp-taszolda-qalyp-qoigan-seteldikterge-komek-korsetti/

pixel