jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Елімізде ауа райы нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жол учаскесі жабылды

Қыс мезгілінде тасжолда келе жатқан көлік
Көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін ауа райы нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Астана-Щучинск" учаскесі барлық автокөлік түріне жабық. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл ақпаратты жедел жеткізу Telegram арнасы мәліметіне сүйенсек, қаңтардың 14-і сағат 04:00-де ауа райы нашарлауына байланысты Астана-Петропавловск (18-234 шақырым) аралығындағы республикалық маңызы бар "Астана-Щучинск" учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін жол жабылды.

Ведомство ақпараты бойынша, қар, екпінді жел, жаяу бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ тасжолдағы жолдың көріну деңгейі – 50 метр.

Еске салайық, бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдарды жабу я шектеу шаралары жалғасып жатқаны туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жазған едік.

Елімізде ауа райы нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жол учаскесі жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.