Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана халықаралық әуежайында оннан астам рейс кешіктірілді

Опубликовано:

Астана халықаралық әуежайы
Астана халықаралық әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін елорда халықаралық әуежайында 11 рейс кешіктірілді. Бірқатар қалаға ұшатын рейс тоқтатылды, деп хабарлады Астана халықаралық әуежайы Telegram арнасында.

Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қаңтардың 14-і Астана халықаралық әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазғанға, Түркістанға ұшатын 3 рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды.

Сондай-ақ әуежай баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, рейстер метео жағдайға байланысты кешіктірілген не тоқтатылған жоқ.

Астана әуежайында қазір ұшу және қонуға қолайлы ауа райы сақталып тұр. Әуеайлақтағы ауа температурасы -18 градусқа жетеді. Жел жылдамдығы – 12 м/с.

Еске салайық, бұған дейін ауа райына байланысты Астана әуежайында 12 рейс кешіктірілгені туралы жазған едік.

Ал қаңтардың 10-ы Астана халықаралық әуежайы өкілдері елордада күн бұзылуына байланысты жолаушыларға үндеу жасаған болатын – қалада дауылдық ескерту жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055369-astana-xalyqaralyq-auezaiynda-onnan-astam-reis-kesiktirildi/

pixel