Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысындағы кенішке құлаған автобус: ТЖД топырақ опырылу қаупі барын айтты (фото)

Жарияланған күні:

Читать на русском
ТЖ болған аймақ
ТЖ болған аймақ. Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысында "Майқайыңалтын" АҚ кенішіндегі опырылған жерге техниканы жеткізу үшін колонна жолын кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"13 қаңтарда Павлодар облысы ТЖД шұғыл құтқару жасағының құтқарушылары опырылған шұңқырға тағы түсіп, автобус құлаған жерді, топырақтың және тау жыныстарының сырғу қаупін анықтады. Үйіндінің сырғу қаупі сақталуда", – делінген хабарламада.

Ведомство ақпараты бойынша, ауыр техника тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жұмыс басталғаннан бері жалпы 150 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылған.

ТЖ болған аймақ
ТЖ болған аймақ. Фото: Павлодар облысы ТЖД

Карьерге құлаған автобус оқиғасы

Еске салайық, Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Олардың денесі жер бетіне шығарылды.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, автобуста 4 адам болған - Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.

5 қаңтарда Асайын Байханов оқиға орнынан видео жариялады.

Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады. Кейін Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті автобус құлап кеткен "Майқайыңналтын" АҚ аумағында жүргізіліп жатқан іздеу-құтқару жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Кейін Павлодар облысындағы автобус құлап кеткен "Майқайыңалтын" АҚ аумағына қазуға арналған техника жеткізілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055376-pavlodar-oblysyndagy-keniske-qulagan-avtobus-tzd-topyraq-opyrylu-qaupi-saqtalatynyn-aitty/