jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан азаматтығын алу ережелеріне өзгеріс енгізу ұсынылды

Төлқұжат ұстап тұрған адам
Төлқұжат. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ІІМ елімізде шетелдіктерге азаматтық беру үшін оларды дактилоскопиядан өтуге міндеттеуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, ҚР азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды ішкі істер органдарының қабылдау, рәсімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы заңына өзгеріс енгізу ұсынылды.

Ведомствода "Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) қабылдау тәртібі" туралы аталған заңның 5-тармағына өзгерістер енгізу жоспарланып жатыр. Енді азаматтық алу бойынша өтінішке шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өткені туралы анықтамасын қосуды сұратуы мүмкін.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер анықталса, ҚР азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылдаудан бас тартылады.

Тиісті бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауда болады.

"Электрондық үкімет" ресми сайты дерегінше, дактилоскопиялық ақпарат – бұл адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық өрнектеріндегі құрылымдық ерекшеліктері.

Дактилоскопиялық деректер Қазақстан азаматтарының биометриялық паспортында және куәлігінде болады.

Қазақстан азаматтығын алу ережелеріне өзгеріс енгізу ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.