Йемендегі қақтығыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма
Жарияланған күні:
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг кезінде Йемендегі қақтығыс салдарынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түспегенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Біздегі деректер бойынша Йемендегі консулдық есепте бірде бір қазақстандық тұрған жоқ. Сондықтан біздің қандай да бір азамат зардап шеккен туралы ақпарат жоқ", - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте.
Йемендегі жағдай
12 қаңтарға қараған түні АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтердің әскери нысандарына соққы жасады. Олар кейінгі уақытта Иранның қолдауына ие бола отырып, Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасай бастаған еді.
Бұдан кейін қақтығыс аймағындағы жағдай және бұл қақтығысты әлем қалай қабылдағаны туралы жазған едік.
Ресей АҚШ пен Ұлыбритания әскерінің Йемен аумағына жасаған зымыран соққыларын айыптады. Елдің бұл ұстанымын президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жеткізді.
АҚШ пен Ұлыбританияның йемендік хуситтерге түнгі соққыларынан кейін мұнай құны өсіп кетті.
Ал елдегі жағдайға байланысты қазақстандық әуекомпанияларға Йеменді айналып өтуге кеңес кеңес берілді.
Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский йемендік хуситтер украиналық төрт теңізші тұтқынға алғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055547-iemende-zardap-sekkender-arasynda-qazaqstandyqtar-bar-ma/