Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таяу Шығыстағы жағдай: қазақстандық әуекомпанияларға Йеменді айналып өтуге кеңес берілді

Опубликовано:

Әуеде ұшып бара жатқан ұшақ
Ұшақ. Фото: pixabay.com

Қазақстандық әуекомпанияларға елдегі жағдайға байланысты Йеменді айналып өтуге кеңес кеңес берілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Авиация әкімшілігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Йемендегі жағдайға байланысты Авиациялық әкімшіліктің Авиациялық қауіпсіздік департаменті азаматтық авиация қызметі үшін авиациялық қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатер мен тәуекелдерді басқару дәрежесін бағалады.

Бағалау нәтижелері бойынша Авиация әкімшілігі қазақстандық әуккомпанияларға Йеменнің әуе кеңістігінде әуе кемелерінің ұшуын орындамау жөнінде тиісті ұсынымдар жіберді", - делінген ҚР Авиация әкімшілігінің хабарламасында.

Йемендегі жағдай

12 қаңтарға қараған түні АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтердің әскери нысандарына соққы жасады. Олар кейінгі уақытта Иранның қолдауына ие бола отырып, Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасай бастаған еді.

Бұдан кейін қақтығыс аймағындағы жағдай және бұл қақтығысты әлем қалай қабылдағаны туралы жазған едік.

Ресей АҚШ пен Ұлыбритания әскерінің Йемен аумағына жасаған зымыран соққыларын айыптады. Елдің бұл ұстанымын президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жеткізді.

АҚШ пен Ұлыбританияның йемендік хуситтерге түнгі соққыларынан кейін мұнай құны өсіп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055284-tayau-sygystagy-zagdai-qazaqstandyq-auekompaniyalarga-iemendi-ainalyp-otuge-kenes-berildi/

pixel